Павлодар облысында 6-8 ғасырда өмір сүрген адамның сүйегі табылды

Sputnik
ПАВЛОДАР, 15 шілде – Sputnik. Ертіс өзенінің жағасында Новочерноярка ауылының маңында павлодарлық іздеу-еріктілер тобы адамның бас сүйегінің фрагменттері мен төменгі жақ сүйегін тапты.
Іздеу жасағы табылған адам сүйегі қылмысқа қатысы болуы мүмкін екенін болжап, бұл туралы полицияға хабарлады.
Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, табылған сүйектер сот-медициналық сараптамадан өтті.
"Факт тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Археологтардың алдын ала қорытындысы бойынша табылған қалдықтар 6-8 ғасырға тиесілі. Жерлеу орнын зерттеу кезінде жебенің ұштары мен басқа да тарихи артефактілер табылды", - деп атап өтті ведомство.
Қазақстандық ғалымдар 48 мың жыл бұрын өмір сүрген адамның сүйегін тапты