Қазақстандық ғалымдар 48 мың жыл бұрын өмір сүрген адамның сүйегін тапты

© Ақмола медиа орталығыАрхеологическая находка в Акмолинской области
Археологическая находка в Акмолинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2022
Жазылу
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Боралдай тауында орналасқан Тұттыбұлақ үңгірінен адам сүйегі табылды
НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Түркістан облысында жүргізілген археологиялық қазбалар нәтижесінде осыдан 48 мың жыл бұрын өмір сүрген адамның ізі табылды. Қазба жұмыстары кезінде алынған топырақ пен күл үйінділерін зерттеу нәтижелері шықты, деп хабарлады otyrar.kz.
"Тюбинген университетінің ғалымдарымен Тұттыбұлақ үңгірін зерттеп жатырмыз. Оның ішінде Испания, Америка, Греция, Румыния және біздің мемлекет өкілдері де бар. Жұмыс істеп жатқанымызға көп уақыт болды. Былтыр мұнда тарихи жәдігерлер мен күл қалдықтары табылды. Үңгірдің ішінде пеш болған. Осы күлді сараптау негізінде зертхана 48 мың жыл бұрын мұнда адамдар өмір сүргенін дәлелдеді. Біз әлі де қазба жұмыстарын жалғастырып жатырмыз", - дейді Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Жәкен Таймағанбетов.
Қазба жұмыстарының нәтижесінде мұнда аю мен адамның тістері, қырғыш, қырыну құралдары, шыбық тәрізді түрлі заттар табылды. Экспонаттар қатарында сол жерде мың жыл жатқан күл қалдықтары да бар.
"Экспедиция 4 тас құралын тапты. Олардың әрқайсысы жеке шикізаттан жасалған. Кварц – бұл Тұттыбұлақ өзенінен табылған материал. Бұл үңгірдің маңында мұндай шикізат көп емес. Дегенмен адамдар өздеріне қажетті материалды тауып, осы кварцты таңдап, одан тас құралдарын жасады. Бір жағындағы кішкентай жазбалар сынған", - дейді зерттеуші-археолог Абай Наден.
Зерттеушілердің айтуынша, Тұттыбұлақ - жәдігерлер табылған Қазақстандағы алғашқы үңгір. Бұл әлемдік сенсация - қазақстандық ғалымдардың үлкен жетістігі. Табылған экспонаттар бір жылға жуық зерттеледі. Олардың жасын және нақты дәуірін анықтау қажет.
"Мұны археологтар емес, палеоантропология жасайды. Олар оның, мәселен, хомосапиенс немесе неандерталь екенін анықтауы керек", – деп түсіндіреді Жәкен Таймағанбетов.
Айта кетері, былтыр Тұттыбұлақ үңгірінен түрлі тас құралдар мен адам қалдықтары табылған. Зерттеушілер бас сүйегінің фрагменті қарапайым адамға тиесілі болуы мүмкін деп болжайды. Бірақ түпкілікті бағалауды зерттеу нәтижелері береді.
Жаңалықтар
0