Экономика

Коммуналдық қызмет тарифтерінің түзетілуі халықтың қаражатын үнемдеуге ықпал етті

Халыққа коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге 180 күнге мораторий енгізілуі нәтижесінде 100-ден астам табиғи монополия субъектілерінің тарифтері түзетілді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы инфляцияны тұрақтандыру, халықтың табысын арттыру және адами капиталды дамыту, ақша-кредит және салық-бюджет саясатын жетілдіру, нақты секторды қолдау, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және автожол инфрақұрылымын дамыту бағыттары бойынша нақты міндеттер қойды.
ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Т. Жақсылықов министрлік қабылдап жатқан шаралар туралы баяндады.
"Инфляция деңгейін тұрақтандыру мақсатында 2022-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешені іске асырылуда. Халыққа коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге 180 күнге мораторий енгізілді. Осыған байланысты 100-ден астам табиғи монополия субъектілерінің тарифтері түзетілді, бұл халықтың 3,2 млрд теңгеден астам қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді", - деп баяндады министр.
Оның айтуынша, жаңа салық-бюджет саясаты шеңберінде бюджетаралық қатынастарды реформалау және мерзімдері мен кезеңдерін екі есеге қысқарта отырып, бюджеттік жоспарлаудың реинжинирингі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, өңірлердің пайдасына қарай қаржы-экономикалық функцияларды орталықсыздандыру бойынша жұмыс басталды. Квазимемлекеттік сектордың рөлін қайта қарау шеңберінде мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіру және "Самұрық-Қазына" қорын реформалау бойынша жұмыс жүріп жатыр.