https://sputnik.kz/20220715/kommunaldyq-qyzmet-tarifteri-unemdeu-26151131.html
Коммуналдық қызмет тарифтерінің түзетілуі халықтың қаражатын үнемдеуге ықпал етті
Коммуналдық қызмет тарифтерінің түзетілуі халықтың қаражатын үнемдеуге ықпал етті
Sputnik Қазақстан
Халыққа коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге 180 күнге мораторий енгізілуі нәтижесінде 100-ден астам табиғи монополия субъектілерінің тарифтері түзетілді 15.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-15T14:32+0500
2022-07-15T14:32+0500
2022-07-15T14:32+0500
экономика
тарифтер
қаражат
https://sputnik.kz/img/1287/24/12872455_60:0:2940:1620_1920x0_80_0_0_cdb08b10420aa1a92e6deeb70ee207b1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы инфляцияны тұрақтандыру, халықтың табысын арттыру және адами капиталды дамыту, ақша-кредит және салық-бюджет саясатын жетілдіру, нақты секторды қолдау, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және автожол инфрақұрылымын дамыту бағыттары бойынша нақты міндеттер қойды. ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Т. Жақсылықов министрлік қабылдап жатқан шаралар туралы баяндады. Оның айтуынша, жаңа салық-бюджет саясаты шеңберінде бюджетаралық қатынастарды реформалау және мерзімдері мен кезеңдерін екі есеге қысқарта отырып, бюджеттік жоспарлаудың реинжинирингі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, өңірлердің пайдасына қарай қаржы-экономикалық функцияларды орталықсыздандыру бойынша жұмыс басталды. Квазимемлекеттік сектордың рөлін қайта қарау шеңберінде мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіру және "Самұрық-Қазына" қорын реформалау бойынша жұмыс жүріп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1287/24/12872455_276:0:2436:1620_1920x0_80_0_0_21523a50a17a5df929254234346fc18a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тарифтер, қаражат
Коммуналдық қызмет тарифтерінің түзетілуі халықтың қаражатын үнемдеуге ықпал етті
Халыққа коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге 180 күнге мораторий енгізілуі нәтижесінде 100-ден астам табиғи монополия субъектілерінің тарифтері түзетілді
НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы инфляцияны тұрақтандыру, халықтың табысын арттыру және адами капиталды дамыту, ақша-кредит және салық-бюджет саясатын жетілдіру, нақты секторды қолдау, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және автожол инфрақұрылымын дамыту бағыттары бойынша нақты міндеттер қойды.
ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Т. Жақсылықов министрлік қабылдап жатқан шаралар туралы баяндады.
"Инфляция деңгейін тұрақтандыру мақсатында 2022-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешені іске асырылуда. Халыққа коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге 180 күнге мораторий енгізілді. Осыған байланысты 100-ден астам табиғи монополия субъектілерінің тарифтері түзетілді, бұл халықтың 3,2 млрд теңгеден астам қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді", - деп баяндады министр.
Оның айтуынша, жаңа салық-бюджет саясаты шеңберінде бюджетаралық қатынастарды реформалау және мерзімдері мен кезеңдерін екі есеге қысқарта отырып, бюджеттік жоспарлаудың реинжинирингі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, өңірлердің пайдасына қарай қаржы-экономикалық функцияларды орталықсыздандыру бойынша жұмыс басталды. Квазимемлекеттік сектордың рөлін қайта қарау шеңберінде мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіру және "Самұрық-Қазына" қорын реформалау бойынша жұмыс жүріп жатыр.