НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "ҚазАвтоЖол" мен "Казахавтодор" компанияларын біріктіруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент автожол саласына түбегейлі реформа жасайтын уақыт жеткенін мәлімдеді. Айтуынша, қазір еліміздегі жолдың жай-күйін екі негізгі оператор қадағалап, қызмет көрсетеді.
"Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Осыған байланысты ол үкіметке "ҚазАвтоЖол" мен "Казахавтодорды" біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырды.
Нәтижесінде қызметкерлердің саны да қысқарады, деді президент.