https://sputnik.kz/20220714/qazavtozhol-men-kazakhavtodor-biriktiriledi-26123563.html
ҚазАвтоЖол мен Казахавтодор біріктіріледі
ҚазАвтоЖол мен Казахавтодор біріктіріледі
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның біртұтас автожол компаниясы құрылады 14.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-14T11:55+0500
2022-07-14T11:55+0500
2022-07-14T11:55+0500
қазавтожол
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e5/08/01/17740822_0:1:3639:2048_1920x0_80_0_0_fa013bf13dddb57cb945e0dc2e1773d3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "ҚазАвтоЖол" мен "Казахавтодор" компанияларын біріктіруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Президент автожол саласына түбегейлі реформа жасайтын уақыт жеткенін мәлімдеді. Айтуынша, қазір еліміздегі жолдың жай-күйін екі негізгі оператор қадағалап, қызмет көрсетеді."Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.Осыған байланысты ол үкіметке "ҚазАвтоЖол" мен "Казахавтодорды" біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырды.Нәтижесінде қызметкерлердің саны да қысқарады, деді президент.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/01/17740822_454:0:3185:2048_1920x0_80_0_0_1f26b8db13fac4dc207b0c20bd1ef3b2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазавтожол, қасым-жомарт тоқаев
қазавтожол, қасым-жомарт тоқаев
ҚазАвтоЖол мен Казахавтодор біріктіріледі
Қазақстанның біртұтас автожол компаниясы құрылады
НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "ҚазАвтоЖол" мен "Казахавтодор" компанияларын біріктіруді тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент автожол саласына түбегейлі реформа жасайтын уақыт жеткенін мәлімдеді. Айтуынша, қазір еліміздегі жолдың жай-күйін екі негізгі оператор қадағалап, қызмет көрсетеді.
"Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Осыған байланысты ол үкіметке "ҚазАвтоЖол" мен "Казахавтодорды" біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырды.
Нәтижесінде қызметкерлердің саны да қысқарады, деді президент.