Экономика

Brent мұнайының құны бірнеше айда алғаш рет барреліне 95 доллардан төмендеді

WTI тамыз фьючерстерінің бағасы 5,57%-ке төмендеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде - Sputnik. Мұнайдың әлемдік бағасы 4-5%-ке, ал Brent маркасының құны 21 ақпаннан бастап алғаш рет барреліне 95 доллардан төмендеді, деп жазады РИА Новости сауда мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.
Brent маркалы мұнайдың қыркүйек фьючерстерінің бағасы 4,77%-ке, барреліне 94,82 долларға дейін арзандаған.
Ал WTI тамыз фьючерстерінің бағасы 5,57%-ке, 90,94 долларға дейін төмендеді.
Жұрттың бәріне мұнай-газ саласынан жұмыс тауып беру мүмкін емес – Тоқаев