https://sputnik.kz/20220714/munay-gaz-zhumys-toqaev-26120135.html
Жұрттың бәріне мұнай-газ саласынан жұмыс тауып беру мүмкін емес – Тоқаев
Жұрттың бәріне мұнай-газ саласынан жұмыс тауып беру мүмкін емес – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Маңғыстау облысындағы жұмыс орындарының аздығына... 14.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-14T10:34+0500
2022-07-14T10:34+0500
2022-07-14T10:34+0500
қасым-жомарт тоқаев
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_39ab4659e57fbb1d2e08cf834d3d18b2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Маңғыстау облысындағы жұмыс орындарының аздығына тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Президент Маңғыстау облысында халық саны көбейгенін, бірақ тұрақты жұмыс орындары ашылмай отырғанын айтты.Мемлекет басшысы Жаңаөзендегі кен орындарының көпшілігі сарқылып бара жатқанын атап өтті. Соңғы 15 жылда осы өңірде мұнай өндіру 30 пайызға азайған. Бірақ соған қарамастан, жұмысшылар саны 50 пайызға көбейіп отыр. Еңбекақы төлеу қоры 10 есе артты. Ал көп жалақы төленетін үш өңірдің бірі – осы Маңғыстау өлкесі.Тоқаевтың айтуынша, Жаңаөзен орташа еңбекақының ең жоғары деңгейі бойынша көш бастап тұр. Үкімет Жаңаөзенді дамыту үшін арнайы жоспар қабылдады. Республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөліп, салықты азайтып отыр."Осындай тікелей қолдау шаралары еліміздің басқа облыстарының есебінен жасалуда. Жұрттың бәріне мұнай-газ саласынан жұмыс тауып беру мүмкін емес. Мұны ашық айтуымыз керек", - деді президент.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_210:0:2941:2048_1920x0_80_0_0_0bb2e9843f1c59f6aea6ed7c7827c6e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, маңғыстау облысы
қасым-жомарт тоқаев, маңғыстау облысы
Жұрттың бәріне мұнай-газ саласынан жұмыс тауып беру мүмкін емес – Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Маңғыстау облысындағы жұмыс орындарының аздығына тоқталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент Маңғыстау облысында халық саны көбейгенін, бірақ тұрақты жұмыс орындары ашылмай отырғанын айтты.
"Мұнда жөнсіз жүргізілген көші-қон саясатының салдарынан күрделі ахуал қалыптасып отыр. Тұрғындардың саны көбейгенімен, әлеуметтік инфрақұрылым салынған жоқ. Жұмыс орындары ашылмады. Тұрмыс сапасы төмендеп кетті. Жұрт "ҚазМұнайГаз" компаниясына жұмысқа тұрғызуды, жоғары жалақы беруді талап етуде", - деді президент.
Мемлекет басшысы Жаңаөзендегі кен орындарының көпшілігі сарқылып бара жатқанын атап өтті. Соңғы 15 жылда осы өңірде мұнай өндіру 30 пайызға азайған. Бірақ соған қарамастан, жұмысшылар саны 50 пайызға көбейіп отыр. Еңбекақы төлеу қоры 10 есе артты. Ал көп жалақы төленетін үш өңірдің бірі – осы Маңғыстау өлкесі.
Тоқаевтың айтуынша, Жаңаөзен орташа еңбекақының ең жоғары деңгейі бойынша көш бастап тұр. Үкімет Жаңаөзенді дамыту үшін арнайы жоспар қабылдады. Республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөліп, салықты азайтып отыр.
"Осындай тікелей қолдау шаралары еліміздің басқа облыстарының есебінен жасалуда. Жұрттың бәріне мұнай-газ саласынан жұмыс тауып беру мүмкін емес. Мұны ашық айтуымыз керек", - деді президент.