НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1104 науқас анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Оның көбісі Нұр-Сұлтанда (328), Алматыда (350), Шымкентте (102), Алматы облысында (88) тіркелді.
Кеше індетті 820 адам жұқтырғаны хабарланған болатын.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда соңғы аптада науқастар саны 2,5 есеге өскенін мәлімдеді.
Жыл басынан бері тіркелген науқастардың 93%-і вакцинация алмаған немесе вакцинациялаудың толық курсынан өтпеген.