Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны мыңнан асты

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1104 науқас анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Оның көбісі Нұр-Сұлтанда (328), Алматыда (350), Шымкентте (102), Алматы облысында (88) тіркелді.
Кеше індетті 820 адам жұқтырғаны хабарланған болатын.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда соңғы аптада науқастар саны 2,5 есеге өскенін мәлімдеді.
Жыл басынан бері тіркелген науқастардың 93%-і вакцинация алмаған немесе вакцинациялаудың толық курсынан өтпеген.
Шприц, вакцина - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2022
Денсаулық
Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауырғандардың 93%-і екпе салдырмаған
Жаңалықтар
0