Қоғам

ҰҚК Нұрлан Мәсімов қалай ұсталғанын жариялады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде — Sputnik. ҰҚК Нұрлан Мәсімов қалай ұсталғанын айтып берді.

"Ресей арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан-Ресей шекарасының шығыс учаскесінде өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз өту әрекеті анықталды. Қазақстан және Ресей азаматтарынан тұратын бір топ адам ұсталды", - делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Олардың арасында бастапқыда өзі туралы жалған деректер берген іздеудегі Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімов анықталған.
Келісімдер аясында Ресей тарапы 13 шілдеде Мәсімовті ҰҚК шекара қызметі қызметкерлеріне берген.
Қажетті тексерулер мен сұрақ алудан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылған.
Нұрлан Мәсімов
Нұрлан Мәсімов - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.
Кәрім Мәсімов қазіргі уақытта мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға әрекет жасады деген айыппен қамауда отыр.
Антикор Павлодар облысының бұрынғы полиция басшысы Нұрлан Мәсімовке биыл сәуір айында іздеу жариялаған болатын. Ол туралы ақпарат үшін 12 миллион теңге (25,7 мың доллар) сыйақы ұсынған еді.
Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болғанда ұсталды