https://sputnik.kz/20220713/uqk-nurlan-masimov-26112352.html
ҰҚК Нұрлан Мәсімов қалай ұсталғанын жариялады
ҰҚК Нұрлан Мәсімов қалай ұсталғанын жариялады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде — Sputnik. ҰҚК Нұрлан Мәсімов қалай ұсталғанын айтып берді. 13.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-13T19:43+0500
2022-07-13T19:43+0500
2023-08-09T09:37+0500
қоғам
ұстау
ұлттық қауіпсіздік комитеті
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26112081_0:73:1020:647_1920x0_80_0_0_60046afb008bc3e47d67f89874e8b03f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде — Sputnik. ҰҚК Нұрлан Мәсімов қалай ұсталғанын айтып берді.Олардың арасында бастапқыда өзі туралы жалған деректер берген іздеудегі Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімов анықталған.Келісімдер аясында Ресей тарапы 13 шілдеде Мәсімовті ҰҚК шекара қызметі қызметкерлеріне берген. Қажетті тексерулер мен сұрақ алудан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылған.Нұрлан Мәсімов - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.Кәрім Мәсімов қазіргі уақытта мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға әрекет жасады деген айыппен қамауда отыр.Антикор Павлодар облысының бұрынғы полиция басшысы Нұрлан Мәсімовке биыл сәуір айында іздеу жариялаған болатын. Ол туралы ақпарат үшін 12 миллион теңге (25,7 мың доллар) сыйақы ұсынған еді.
https://sputnik.kz/20220713/nurlan-masimov-ustaldy-26107876.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26112081_30:0:990:720_1920x0_80_0_0_31e41c571b7df0f5ce7083992eea1ef0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұстау, ұлттық қауіпсіздік комитеті
ұстау, ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҰҚК Нұрлан Мәсімов қалай ұсталғанын жариялады
19:43 13.07.2022 (жаңартылды: 09:37 09.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде — Sputnik. ҰҚК Нұрлан Мәсімов қалай ұсталғанын айтып берді.
"Ресей арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан-Ресей шекарасының шығыс учаскесінде өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз өту әрекеті анықталды. Қазақстан және Ресей азаматтарынан тұратын бір топ адам ұсталды", - делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Олардың арасында бастапқыда өзі туралы жалған деректер берген іздеудегі Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімов анықталған.
Келісімдер аясында Ресей тарапы 13 шілдеде Мәсімовті ҰҚК шекара қызметі қызметкерлеріне берген.
Қажетті тексерулер мен сұрақ алудан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылған.
Нұрлан Мәсімов - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.
Кәрім Мәсімов қазіргі уақытта мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға әрекет жасады деген айыппен қамауда отыр.
Антикор Павлодар облысының бұрынғы полиция басшысы Нұрлан Мәсімовке биыл сәуір айында іздеу жариялаған болатын. Ол туралы ақпарат үшін 12 миллион теңге (25,7 мың доллар) сыйақы ұсынған еді.