Аумағы 13 мың шаршы метрді құрайтын ультра заманауи музей Виктория бұғазының жағасында теңізден тыс жердегі жағалауға салынған. Сондай-ақ кешен құрамында театрлар, опера залдары, көрме павильондары және басқа да музей мекемелері – барлығы 17 нысан салынады деп жоспарланып отыр.
Жаңа нысан Бейжіңдегі "Гугун" императорлық музейінің өзіндік филиалы іспеттес болды. Императорлық музей бұл нысанға әртүрлі экспозициялар – көне картиналар, мүсіндер, нефриттен жасалған бұйымдар, құнды каллиграфия туындылар ұсынады.
Жобаға 446 миллион долларға жуық инвестиция салынған.
Музейдің ашылуына орай дайындалған көрмеге Бейжіңдегі Сарай музейінің топтамасындағы 900-ден астам жәдігер қойылған. Кейбір туындылар Гонконгта алғаш рет көрсетіліп отыр. Көрме ашылған алғашқы төрт аптада шамамен 140 000 билеттің 80%-ке жуығы қазірдің өзінде сатылып кетті.
Жаңа музейдің кескін-келбетін суреттер топтамасынан көріңіз.