Аумағы 13 мың шаршы метрді құрайтын ультра заманауи музей Виктория бұғазының жағасында теңізден тыс жердегі жағалауға салынған. Сондай-ақ кешен құрамында театрлар, опера залдары, көрме павильондары және басқа да музей мекемелері – барлығы 17 нысан салынады деп жоспарланып отыр.Жаңа нысан Бейжіңдегі "Гугун" императорлық музейінің өзіндік филиалы іспеттес болды. Императорлық музей бұл нысанға әртүрлі экспозициялар – көне картиналар, мүсіндер, нефриттен жасалған бұйымдар, құнды каллиграфия туындылар ұсынады.Жобаға 446 миллион долларға жуық инвестиция салынған.Музейдің ашылуына орай дайындалған көрмеге Бейжіңдегі Сарай музейінің топтамасындағы 900-ден астам жәдігер қойылған. Кейбір туындылар Гонконгта алғаш рет көрсетіліп отыр. Көрме ашылған алғашқы төрт аптада шамамен 140 000 билеттің 80%-ке жуығы қазірдің өзінде сатылып кетті.Жаңа музейдің кескін-келбетін суреттер топтамасынан көріңіз.
Гонконгта "Батыс Коулун" үлкен мәдени орталығында кешеннің жалпы құрамының бір бөлігіне айналған жаңа сарай-музей ашылды
Аумағы 13 мың шаршы метрді құрайтын ультра заманауи музей Виктория бұғазының жағасында теңізден тыс жердегі жағалауға салынған. Сондай-ақ кешен құрамында театрлар, опера залдары, көрме павильондары және басқа да музей мекемелері – барлығы 17 нысан салынады деп жоспарланып отыр.
Жаңа нысан Бейжіңдегі "Гугун" императорлық музейінің өзіндік филиалы іспеттес болды. Императорлық музей бұл нысанға әртүрлі экспозициялар – көне картиналар, мүсіндер, нефриттен жасалған бұйымдар, құнды каллиграфия туындылар ұсынады.
Жобаға 446 миллион долларға жуық инвестиция салынған.
Музейдің ашылуына орай дайындалған көрмеге Бейжіңдегі Сарай музейінің топтамасындағы 900-ден астам жәдігер қойылған. Кейбір туындылар Гонконгта алғаш рет көрсетіліп отыр. Көрме ашылған алғашқы төрт аптада шамамен 140 000 билеттің 80%-ке жуығы қазірдің өзінде сатылып кетті.
Жаңа музейдің кескін-келбетін суреттер топтамасынан көріңіз.
Тыйым салынған қаланың қақ ортасында орналасқан Бейжің сарай-музейінде 5000 жылға жуық тарихты қамтитын Қытай өнерінің әлемдегі ең үлкен топтамасы жинақталған. Қазір бұл жәдігердің 900-ден астамы Гонконгтың жаңа сарай-музейіне қойылған.
166-сы "бірінші деңгейдегі ұлттық қазына" деп саналатын таңғажайып экспонаттар тақырыпқа сай көрмелерде қойылған. Олардың бірі Тыйым салынған қаладағы империя дәуіріндегі өмірдің аспектілерін қамтыса, екіншісі инновациялық дизайн мен өндіріс әдістеріне арналған.
Жылқылар шабыт берген өнер көрмесінде Тыйым салынған қаланың туындылары және уақытша Париждегі Луврдан алынған туындылармен қатар қойылған. Кейбір жәдігерлер бұрын-соңды көрермен назарына ұсынылмаған.
Музей басшылығы танымал нысандарды жақыннан көруге мүмкіндік берумен қатар, олар әр жәдігердің тарихын жергілікті аудиторияға кеңінен насихаттауды көздеп отырғанын айтты.
Жаңа нысан Бейжіңдегі "Гугун" императорлық музейінің өзіндік филиалы іспеттес болды. Императорлық музей бұл нысанға әртүрлі экспозициялар – көне картиналар, мүсіндер, нефриттен жасалған бұйымдар, құнды каллиграфия туындылар ұсынады. Жоспар бойынша, топтамалар мерзімді түрде ауыстырылып отырады. Ғимаратта барлығы тоғыз көрме залы бар.
Кіру билетінің құны шамамен 6,37 долларды құрайды. Көрмедегі арнайы билеттер екі есе қымбат – 15,29 доллар. Бірақ музейге көрермендер бір жыл бойы әр сәрсенбі сайын тегін кіре алады.