НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 475,91 теңге болды.
Бір тәулікте шетелдік валюта 2,29 теңгеге қымбаттады. Кеше күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллар бағамы 473,38 теңге болған еді.
Рубль бағамы бүгін 8 теңгені құрады.
Айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 473-474 теңгеге сатып алып, 477-478 теңгеден сатып жатыр.
Бұған дейін Ұлттық банк теңге бағамының әлсіреуі қалыпты жағдай екенін мәлімдеді. Маусым айының қорытындысы бойынша теңге бағамы бір доллар үшін 470,24 теңгеге дейін немесе 13,3%-ке әлсіреген. Маусым ішінде Ұлттық банк ішкі валюта нарығында валюталық интервенциялар жүргізбеген, нарық сентименті мен құбылмалылығы нарықтық жағдайға сәйкес келді.