https://sputnik.kz/20220713/ulttyq-bank-tenge-bagamy-26096080.html
Ұлттық банк теңге бағамының әлсіреуі қалыпты жағдай екенін айтты
Ұлттық банк теңге бағамының әлсіреуі қалыпты жағдай екенін айтты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамына әсер ететін негізгі факторлар туралы айтты. 13.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-13T11:15+0500
2022-07-13T11:15+0500
2022-07-13T11:15+0500
теңге бағамы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744459_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_028bb4d962af9bcf25ff82e44edcec6f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамына әсер ететін негізгі факторлар туралы айтты.Ведомствоның мәліметінше, маусымның қорытындысы бойынша теңге бағамы бір доллар үшін 470,24 теңгеге дейін немесе 13,3%-ке әлсіреді."Нарықтағы мұндай өзгерістерге сыртқы факторлармен қатар, ішкі факторлар да себепші болды. Бірінші кезекте, АҚШ доллары позициясының жаһандық күшейгенін атап өткен жөн. Ішкі факторлардың арасында дивидендтер төлеу кезеңінде заңды тұлғалар тарапынан валютаға сұраныстың артуы және экспорттаушылардың салықты төлеу үшін сатуды қысқартуына байланысты валюта ұсынысының төмендеуі әсер етті", - деп атап өтті Молдабекова.Квазимемлекеттік сектор компанияларының шамамен 480,4 млн АҚШ долларын құраған валюталық түсімін сатуы және Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сатуы валюта нарығына қолдау көрсетті.Молдабекова теңге бағамын алтынвалюта резервтерін жұмсау есебінен ғана ұзақ уақыт бойы жасанды жолмен ұстап тұруға болатынын атап өтті. Алайда бұл ұлттық валюта бағамын девальвациялау қажеттілігіне алып келеді."Теңгенің еркін өзгермелі бағамы сыртқы ортаның өзгерістеріне бірден ден қоюға мүмкіндік береді. Бұл экономикадағы теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды, сондай-ақ елдің алтынвалюта резервтерінің сақталуына ықпал етеді. Сондықтан Ұлттық банк тіркелген бағамға көшу мәселесін қарастырмайды", - деді ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744459_97:0:2348:1688_1920x0_80_0_0_5e428f2bb01a27da4ea8ea1e90c0ef0d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теңге бағамы
НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамына әсер ететін негізгі факторлар туралы айтты.
Ведомствоның мәліметінше, маусымның қорытындысы бойынша теңге бағамы бір доллар үшін 470,24 теңгеге дейін немесе 13,3%-ке әлсіреді.
"Нарықтағы мұндай өзгерістерге сыртқы факторлармен қатар, ішкі факторлар да себепші болды. Бірінші кезекте, АҚШ доллары позициясының жаһандық күшейгенін атап өткен жөн. Ішкі факторлардың арасында дивидендтер төлеу кезеңінде заңды тұлғалар тарапынан валютаға сұраныстың артуы және экспорттаушылардың салықты төлеу үшін сатуды қысқартуына байланысты валюта ұсынысының төмендеуі әсер етті", - деп атап өтті Молдабекова.
Квазимемлекеттік сектор компанияларының шамамен 480,4 млн АҚШ долларын құраған валюталық түсімін сатуы және Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сатуы валюта нарығына қолдау көрсетті.
"Маусым ішінде ұлттық банк ішкі валюта нарығында валюталық интервенциялар жүргізбеді, нарық сентименті мен құбылмалылығы нарықтық жағдайға сәйкес келді. Айырбастау бағамының өзгермелі режимінде теңге үшін құбылмалылықтың орын алуы қалыпты жағдай екенін атап өткім келеді", - деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
Молдабекова теңге бағамын алтынвалюта резервтерін жұмсау есебінен ғана ұзақ уақыт бойы жасанды жолмен ұстап тұруға болатынын атап өтті. Алайда бұл ұлттық валюта бағамын девальвациялау қажеттілігіне алып келеді.
"Теңгенің еркін өзгермелі бағамы сыртқы ортаның өзгерістеріне бірден ден қоюға мүмкіндік береді. Бұл экономикадағы теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды, сондай-ақ елдің алтынвалюта резервтерінің сақталуына ықпал етеді. Сондықтан Ұлттық банк тіркелген бағамға көшу мәселесін қарастырмайды", - деді ол.