Оқиға

Алматы облысында велосипед мінген бала жүк көлігінің астына түсіп мерт болды

Қажетті сараптама жүргізу үшін жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды
Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 13 шілде — Sputnik. Алматы облысында велосипед мінген 10 жасар баланы КамАЗ қағып кетті.
Облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 13 шілде күні Іле ауданының Жетіген ауылында болған.
Ұл бала велосипедпен жүк көлігінің астына кіріп кетіп, көз жұмған. КамАЗ рөлінде 62 жастағы ер адам болған.
Қылмыстық тергеу басталды,, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қажетті сараптама жүргізу үшін жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды.
Ақмола облысында ер адам КамАЗ салонынан құлап қаза тапты