Оқиға

Алматы облысында велосипед мінген бала жүк көлігінің астына түсіп мерт болды

© Sputnik / Владислав ВодневЖедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2022
Жазылу
Қажетті сараптама жүргізу үшін жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды
ТАЛДЫҚОРҒАН, 13 шілде — Sputnik. Алматы облысында велосипед мінген 10 жасар баланы КамАЗ қағып кетті.
Облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 13 шілде күні Іле ауданының Жетіген ауылында болған.
Ұл бала велосипедпен жүк көлігінің астына кіріп кетіп, көз жұмған. КамАЗ рөлінде 62 жастағы ер адам болған.
Қылмыстық тергеу басталды,, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қажетті сараптама жүргізу үшін жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды.
КамАЗ насмерть сбил женщину на пересечении улиц Шаляпина и Саина - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2022
Ақмола облысында ер адам КамАЗ салонынан құлап қаза тапты
Жаңалықтар
0