НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде - Sputnik. Тараз тұрғындары дүйсенбі күні кешке әлеуметтік желілерде тұман басқан қаланың видеоларын бөлісті. Олар жағымсыз иіс салдарынан тыныс алу қиындағанын айтты.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде хабарлағандай, сараптама нәтижесінде "шаң, азот диоксиді және күкірт сутегіден ластанудың жоғары деңгейі" анықталды.
Тараз әкімдігінде бұл жағдайға зауыт "жауапты" екенін алға тартты. Бірақ басқа химиялық заттар бойынша да нормалар артқан.
"Сағат 20.00-де "Қазфосфат" ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында бір реттік шығарылым болды. Алдын ала талдау нәтижелері бойынша фторлы қосылыстар көрсеткіші біршама артқан. Зауытпен қаланың санитарлық шекарасында азот сияқты басқа заттардың шамадан тыс мөлшері анықталған жоқ. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша экологтар, ТЖД мамандары және басқа да жауапты тұлғалар енген жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет басқарады", - деді әкімдікте.