"Қазақанимация" шығармашылық бірлестігі құрылады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының базасында "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігі құрылады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің желідегі парақшасында жазды.
Жыл соңына дейін бірлестік он пилоттық жобаны ұсынады, ал талантты жас аниматорлар шетелдік мамандардан арнайы дәріс алады.

"Аудитория сұранысын қанағаттандыратын сапалы контент қалыптасырып, шетелдік әріптестермен тығыз байланыс негізінде қазақ анимациясын халықаралық дәрежеге көтереміз деп сенемін", - деп атап өтті Дәурен Абаев.

Министр қазіргі таңда бүлдіршіндеріміз батыстан үздіксіз келіп жатқан шетелдік өнімдерді қарап, тілімізге де, ділімізге де қайшы мультфильмдерді көптеп көріп жатқанын жасырмады.
Сол себепті министрлік өзіміздің ұлттық құндылықтарымызға негізделген отандық өнімдеріміздің өрісін кеңейтуді қолға алып отыр.
Қоғам
"Қазақфильм" киностудиясы он мультфильмді ашық көрсетілімге шығарды