Қоғам

"Қазақфильм" киностудиясы он мультфильмді ашық көрсетілімге шығарды

CC0 / Vidmir Raic / Теледидар көріп отырған бала
Теледидар көріп отырған бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
"Қазақфильм" киностудиясының 1970-2000 жылдары түсірген он мультфильмін желіден кез келген уақытта тамашалауға болады

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. "Қазақфильм" киностудиясы он мультфильмді ашық көрсетілімге шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жаңа жыл бұл — сыйлықтар, ғажайып пен тосынсый уақыты. Бұл мерекені әсіресе балалар жақсы көреді. Жас көрермендерімізге біздің де дайындаған тосынсыйымыз бар. Біз "Қазақфильм" шығарған 10 мультфильмді ашық көрсетілімге шығардық", - делінген киностудияның Instagram-дағы парақшасында.

Мультфильмдерді киностудияның Youtube арнасынан тамашалауға болады.

Ашық көрсетілімге шыққан мультфильмдер тізіміне "Голубая планета" (1971 жыл), "Волшебное зеркало" (1990 жыл), "Цыпленок" (1984 жыл), "Менікі" (2006 жыл), "Кім патша болады?" (2008 жыл), "Ұры мен қасқыр" (2005 жыл) және тағы басқалары енді.

Жаңалықтар
0