АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 12 жыл іздеуде жүрген ер адамды ұстады.
Ақпаратқа сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбековке халықаралық іздеу жариялаған.
"Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шаралары жүзеге асырылды. Нәтижесінде Ресейдің құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және ІІМ интерполмен бірлесіп, Алтынбековті Мәскеу қаласында ұстады", - делінген хабарламада.
Тергеу органдарынан жасырыну үшін өзінің тегін "Алтынбековтен" "Алшерге" өзгерткен.
Ведомство іздеуде жүргендердің көпшілігі қазақстандық сот төрелігінің жүрмеуі үшін елден тыс жерде жасырынатынын жеткізді.