Өңірлер

Алматыда екі рет оқ атқан ер адам ұсталды - видео

© Photo : Скриншот видеоВооруженного мужчину сняли на видео в Алматы
Вооруженного мужчину сняли на видео в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2022
Жазылу
Сотқа дейінгі тергеу басталды
НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде - Sputnik. Полиция Алматы көшелерінде екі рет оқ атқан ер адамды ұстады.
"Сағат 22.00 шамасында 102 пультіне ер адам екі рет оқ атқаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады", - деп хабарлады Алматы полициясы.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам отбасындағы жанжалға байланысты осындай қадамға барған, деп хабарлады полиция.
Бұған дейін кейбір Телеграм-каналдар ол бұрынғы әйелімен жанжалдан кейін қолына қару алғанын жазған болатын.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
0