Жиені 84 жастағы қарияны пәтерсіз қалдыра жаздады

Ақтөбе облыстық сотында баспана дауына қатысты нүкте қойылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 11 шілде – Sputnik. Баспана мәселесі екі жақын туысты сотқа дейін жеткізді. Пәтер құқығын қайтарып алу үшін 84 жастағы қария арыз жазуға мәжбүр болды, деп хабарлады "Диапазон".
Ақтөбе облыстық соты хабарлағандай, бұған дейін 84 жастағы еңбек ардагері Ресейде тұрған, балалары жоқ. Жиені оны Ресейдегі тұрғын үйді сатуға және оған қамқорлық жасау үшін Ақтөбеге көшуге көндірді. Осылайша, Мәскеу облысындағы пәтерін сатқан әйел Ақтөбеге көшіп келген.

"Пәтер сатылғаннан кейін оның банктік шотында 2 миллион 300 мың ресей рубль болды. 2020 жылдың мамырынан маусым айына дейін ол шоттан жинағын шешіп алды. Ақтөбеде өз қаржысына 8 миллион теңгеге пәтер сатып алып, оны жиенінің атына жазды. Осыдан кейін жиеннің әжесіне деген көзқарасы күрт өзгерді", - деп жазды басылым.

Бірінші сатыдағы сот әжейдің талабын қанағаттандырудан бас тартты. Алайда ол сот шешіміне шағым түсірді, ал сот алқасы бұл шешімді талапкердің пайдасына шығарды.
Алқа даулы пәтер талапкердің жалғыз баспанасы екенін анықтады. Сондықтан пәтерді зейнеткер өз ақшасына сатып алғанын және ол қарияның меншік құқығы екенін мойындады.
Өңірлер
Жазалағысы келген: аялдама маңында қарияны таяқпен ұрған ер адам ұсталды