https://sputnik.kz/20220711/zhieni-qariya-pater-26048046.html
Жиені 84 жастағы қарияны пәтерсіз қалдыра жаздады
Жиені 84 жастағы қарияны пәтерсіз қалдыра жаздады
Sputnik Қазақстан
Ақтөбе облыстық сотында баспана дауына қатысты нүкте қойылды 11.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-11T11:25+0500
2022-07-11T11:25+0500
2022-07-11T11:25+0500
жиендер
қария
пәтер
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/05/15127744_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_c84b0481d4e1827c875e9d699f77f7f1.jpg
АЛМАТЫ, 11 шілде – Sputnik. Баспана мәселесі екі жақын туысты сотқа дейін жеткізді. Пәтер құқығын қайтарып алу үшін 84 жастағы қария арыз жазуға мәжбүр болды, деп хабарлады "Диапазон". Ақтөбе облыстық соты хабарлағандай, бұған дейін 84 жастағы еңбек ардагері Ресейде тұрған, балалары жоқ. Жиені оны Ресейдегі тұрғын үйді сатуға және оған қамқорлық жасау үшін Ақтөбеге көшуге көндірді. Осылайша, Мәскеу облысындағы пәтерін сатқан әйел Ақтөбеге көшіп келген. Бірінші сатыдағы сот әжейдің талабын қанағаттандырудан бас тартты. Алайда ол сот шешіміне шағым түсірді, ал сот алқасы бұл шешімді талапкердің пайдасына шығарды. Алқа даулы пәтер талапкердің жалғыз баспанасы екенін анықтады. Сондықтан пәтерді зейнеткер өз ақшасына сатып алғанын және ол қарияның меншік құқығы екенін мойындады.
https://sputnik.kz/20220207/aialdama-qariya-er-adam-22580722.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/05/15127744_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_ebcbb0ee9b93a5425c13c0b2ffba4d7d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жиендер, қария, пәтер
Жиені 84 жастағы қарияны пәтерсіз қалдыра жаздады
Ақтөбе облыстық сотында баспана дауына қатысты нүкте қойылды
АЛМАТЫ, 11 шілде – Sputnik. Баспана мәселесі екі жақын туысты сотқа дейін жеткізді. Пәтер құқығын қайтарып алу үшін 84 жастағы қария арыз жазуға мәжбүр болды, деп хабарлады
"Диапазон".
Ақтөбе облыстық соты хабарлағандай, бұған дейін 84 жастағы еңбек ардагері Ресейде тұрған, балалары жоқ. Жиені оны Ресейдегі тұрғын үйді сатуға және оған қамқорлық жасау үшін Ақтөбеге көшуге көндірді. Осылайша, Мәскеу облысындағы пәтерін сатқан әйел Ақтөбеге көшіп келген.
"Пәтер сатылғаннан кейін оның банктік шотында 2 миллион 300 мың ресей рубль болды. 2020 жылдың мамырынан маусым айына дейін ол шоттан жинағын шешіп алды. Ақтөбеде өз қаржысына 8 миллион теңгеге пәтер сатып алып, оны жиенінің атына жазды. Осыдан кейін жиеннің әжесіне деген көзқарасы күрт өзгерді", - деп жазды басылым.
Бірінші сатыдағы сот әжейдің талабын қанағаттандырудан бас тартты. Алайда ол сот шешіміне шағым түсірді, ал сот алқасы бұл шешімді талапкердің пайдасына шығарды.
Алқа даулы пәтер талапкердің жалғыз баспанасы екенін анықтады. Сондықтан пәтерді зейнеткер өз ақшасына сатып алғанын және ол қарияның меншік құқығы екенін мойындады.