НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде - Sputnik. Күннен қорғайтын үнемі тағу денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін, деді "Газетке.Ру"-ға офтальмолог Владимир Агеев.
"Жоғары сапалы ультра күлгін линзаларды да үнемі қолдануға болмайды. Әйтпесе, көз көзілдірікке үйреніп қалады. Кейін күн сәулесіне өздігінен қарсы тұра алмайды", - деп түсіндірді дәрігер.
Бөлмеде, әсіресе, қараңғыда көзілдірік киюге болмайды. Өйткені жарықтың шектеулі болуына байланысты көз тез шаршайды.
Көзге қатты жүктеме түсіру салдарынан бас сақинасы туындауы мүмкін. Көзілдірікті сатып алғанда, UV фильтрі барын таңдау керек.
Төмен сапалы линзалар ультракүлгін жылдам сәулені өткізіп, оның көз торына түсуін күшейтеді. Кейіннен көз нашар көре бастауы ықтимал.