НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинамен телефон арқылы сөйлесіп, оны тарихи жетістігімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Еленаның асқан шеберлігінің, жеңіске деген ерік-жігерінің және оның кортта өзін ұстау мәдениетінің жоғары екенін атап өтті. Президент көрнекті спортшыны Қазақстан туы астында сәтті өнер көрсеткені және халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаның жарқын жеңісі Қазақстан теннисін одан әрі дамытуға, спорттың осы түріне балалардың көптеп тартылуына ықпал етеді деп санайды.
Еске салсақ, кеше қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон финалында әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді жеңді. Кездесу 1 сағат 50 минутқа созылды.
Елена 23 жаста, ол Уимблдон тарихындағы ең жас жеңімпаз атанды.