Оқиға

Қарағанды облысында көлік суға құлап, екі адам көз жұмды

Жол апаты Байқадам ауылы маңында, Қарағанды – Қарқаралы автожолының 34 шақырымында болды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қарағанды – Қарқаралы тас жолында Ауди 80 көлігінің 56 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол шетіне шығып кетіп, суға құлаған.
Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, оқиға кеше, 9 шілдеде болды. Апат салдарынан 70 пен 56 жастағы жолаушылар оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.
Бұл факті полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.
Оқиға
Талдықорғанда суға батқан көлік жүргізушісін оқиға куәгері құтқарды