Оқиға

Талдықорғанда суға батқан көлік жүргізушісін оқиға куәгері құтқарды

© Photo : ДЧС Алматинской областиЕржан Баяхметов - герой, спасший жизнь утопающему
Ержан Баяхметов - герой, спасший жизнь утопающему - Sputnik Қазақстан
Жазылу
25 жастағы Ержан Баяхметов ерлік үлгісін көрсеткені үшін ведомстволық медальмен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Талдықорған қаласында 25 жастағы жүргізушіні өзенге батып бара жатқан көліктен шығарып алған азаматқа ішкі істер министрлігі құрмет көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты 22 наурызда Талдықорған қаласындағы "Қызыл тас" саяжай тұрғын алабының аумағында болған. Audi 100 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Қаратал өзеніне көпір үстінен құлаған. Ер адам көліктен шығып, жағаға шығуға ұмтылғанымен, өзен ағысы оған мұрша бермеген.

"Оқиғаға куә болған жас жігіт батыл қадам жасап суық суға түседі де жүргізушіні жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кейінірек жедел жәрдем дәрігерлері оқиға орнына жетіп, жәбірленушіні ауруханаға жатқызды", - делінген Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент хабарламасында.
© Photo : ДЧС Алматинской областиЕрлік көрсеткен Ержан Баяхметов марапатталды
Талдықорғанда суға батқан көлік жүргізушісін оқиға куәгері құтқарды - Sputnik Қазақстан
Ерлік көрсеткен Ержан Баяхметов марапатталды

Департамент қызметкерлері құтқарушы жігіттің 25 жастағы Ержан Баяхметов екенін анықтап, оған тиісті деңгейде құрмет көрсетті.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Баяхметов адамды құтқаруда көрсеткен ерлігі үшін ведомстволық "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды.

Оқи отырыңыз: Қостанайда ер адам терезеден құлай жаздаған баланы құтқарды – видео

Айта кетейік, бүгінгі таңда ержүрек Ержан Баяхметов жергілікті жердегі техникалық қызмет көрсету станциясында слесарь болып жұмыс істейді.

Жаңалықтар
0