Араб тілінен аударғанда "құрбандық шалу мерекесі" деп аталатын Құрбан айт тағы бір діни мереке – Ораза айттан кейін 70 күннен соң аталып өтеді.
Отыз күнге созылатын Рамазан айында ауыз бекіту аяқталған соң 70-ші күні мұсылмандар Құрбан айт мерекесін тойлайды.
Ай күнтізбесі бойынша есептеу жыл сайын шамамен 10 күнге айырмашылықпен анықталады.
Биыл қасиетті мейрам 9 шілдеге дөп келіп тұр.
Әдеттегідей бұл мереке үш күн тойланады: биыл 9, 10 және 11 шілде.
Қасиетті мейрамның пайда болу тарихы Ибраһим пайғамбармен байланысты және ол туралы Құранда жазылған.
Құрбан айттың бірінші күні аса маңызды саналады.
Бұл күні мешіттерде айт намаз оқылады.
Мереке күндері мұсылмандар бір-бірінен кешірім сұрап, өкпе-ренішті ұмытады және жасаған күнәлары үшін рақымшылық тілейді.
Айттың дәл бірінші күні мұсылмандар бірін-бірі құттықтап, мерекелік дастарханнан дәм татуға шақырады.
Қазақстандық мұсылмандар бір-бірін "Құрбан айт қабыл болсын!" деп құттықтап, игі тілектерімен бөліседі. Бұл құттықтауға әдетте "Бірге болсын!" деп жауап береді.
Мереке күндері мұсылмандар қатаң тәртіпті ұстанады: бұл күні лас киіммен жүруге, сараңдық танытуға, ұрысып-керісуге және тағы басқа теріс әдеттер жасауға болмайды.