Өңірлер

Ақмола облысында сегіз үйдің шатырын жел ұшырып әкетті

Дауыл салдарынан электр сымдары үзіліп, 247 абонент жарықсыз қалды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Ақмола облысы Зеренді ауданында қатты жел 8 тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.
Зеренді ауданы Ақадыр ауылында екпіні 23 м/с қатты желден жалпы ауданы 300 шаршы метр болатын 8 жеке тұрғын үйдің шатыры жартылай қирады.
Ақадыр, Ұялы, Еңбек-Бірлік ауылдарында электр желілері үзіліп, салдарынан 247 абонентке электр энергиясын беру тоқтатылды. Оқиға орнында "Куат энергопартнер" ЖШС бригадасы, 1 бірлік техника және 5 адам жұмыс істеп жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Қазіргі уақытта елді мекендерде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдардың арнайы комиссиясы үйлері желден зардап шеккен жер үйлердің иелеріне келтірілген залалды өтеу бойынша шешім қабылдайды", – деді ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым.
Облыстық ТЖ департаменті тұрғындарға дауыл кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертті.
Оқиға
Ақмола облысында қатты желден үш мектеп пен ондаған үй шатырсыз қалды