Оқиға

Ақмола облысында қатты желден үш мектеп пен ондаған үй шатырсыз қалды

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКЖел, мектеп шатыры
Жел, мектеп шатыры - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2022
Жазылу
Қазір әкімдік қызметкерлері дауылдан келген шығынды анықтап жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Ақмола облысындағы екпіні күшті желден 40-қа жуық үй мен 3 мектеп шатырсыз қалды.
Кеше өңірде қатты жел тұрып, екпіні секундына 30 метрге жетті.
Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті 25 маусым күні сағат 16:00 мен 20:00 аралығында облыстың екі ауданында желдің екпіні секундына 30 метрге дейін күшейгенін хабарлады. Салдарынан үш мектеп пен 38 жеке үйдің шатыры жартылай және толық ұшып кеткен.
Сондай-ақ, бірқатар елді мекенде электр бағаналары құлаған. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Келтірілген шығынды анықтау үшін әкімдік қызметкерлері оқиға орындарында жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
мұнара краны - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2022
Оқиға
Шығыс Қазақстанда қатты жел салдарынан мұнара краны құлады
Жаңалықтар
0