Алматыға ЛРТ керек – Досаев

Жуырда Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов астанада LRT құрылысы соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Алматыда ЛРТ жобасына қатысты шешім қазанға дейін қабылданады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Алматыға ЛРТ қажет деп ойлаймын. Өздеріңіз білесіздер, Төле би көшесінде алдында салынған трамвай жолдары бар. Орны қалды, дамытуға мүмкіншілік бар. ЛРТ-ға қатысты шешімді осы қазан айының басына дейін қабылдаймыз", - деді Досаев елордада орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
ЛРТ құрылысына қанша қаражат қажет деген сұраққа "мүмкіншілігімізге қараймыз" деп жауап берді.
Жуырда Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов астанада LRT құрылысы соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді. Бірақ, алдымен жоба оңтайландырылады.
Өңірлер
Алматы әкімі жалақысы мен 2 млн теңгенің курткасы туралы сұраққа жауап берді