https://sputnik.kz/20220707/almaty-akimi-zhalaqy-kurtkasy-25990940.html
Алматы әкімі жалақысы мен 2 млн теңгенің курткасы туралы сұраққа жауап берді
Алматы әкімі жалақысы мен 2 млн теңгенің курткасы туралы сұраққа жауап берді
Sputnik Қазақстан
Алматы әкімінің жалақысы – 980 мың теңге 07.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-07T16:48+0500
2022-07-07T16:48+0500
2022-07-07T16:48+0500
өңірлер
алматы
әкім
жалақы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0e/22782115_0:0:3069:1726_1920x0_80_0_0_839cd17e36b5e6b0bab3cdd711918481.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев ай сайын 980 мың теңге жалақы алады. Бұл туралы ол елордада орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Журналистер астанаға БАҚ өкілдерімен кездесуге келген Алматы әкімінен жалақысы туралы сұрады. Айта кетері, күзде Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов 1 978 188 теңге алатынын айтқан еді. Бұған дейін әлеуметтік желіде Ерболат Досаевтың 2,2 миллион теңге тұратын сырт киімі (Loro Piana бренді) қызу талқыға түскен еді. Баспасөз мәслихатында мегаполис әкімі бұған қатысты да түсініктеме берді. Досаев мемлекеттік қызметте болмаған жылдары бизнеспен айналысқанын айтты. Кәсіпорындарда үлесі болған. "2012 жылы қыркүйекте министр болып қайта оралдым. Содан бері мемлекеттік қызметте жүрмін. Табысым бар, декларацияланған, барлық салығы төленген. Сол себепті бәрі айтып жүрген куртканы сатып алуға шамам жетеді. Ол Loro Piana-дан емес, мен оны бес жыл бұрын сатып алған едім. Ер адамдар сіздер сияқты маусым сайын киім ауыстырмайды. Өздеріне ыңғайлы киімді киеді. Айтайын дегенім, мен кедей емеспін, қандай да бір істермен айналысқалы жатқан жоқпын", - деп түсіндірді Досаев.
https://sputnik.kz/20220707/kolginov-balalary-qayda-oqidy-25986006.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0e/22782115_226:0:2957:2048_1920x0_80_0_0_c43436cc31fad6079d29a0577f3887f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, әкім, жалақы
Алматы әкімі жалақысы мен 2 млн теңгенің курткасы туралы сұраққа жауап берді
Алматы әкімінің жалақысы – 980 мың теңге
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев ай сайын 980 мың теңге жалақы алады. Бұл туралы ол елордада орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Журналистер астанаға БАҚ өкілдерімен кездесуге келген Алматы әкімінен жалақысы туралы сұрады.
"Алматы әкімінің жалақысы – 980 мың теңге. Бұл лауазымдық еңбекақы. Бізге кейде барлық мемлекеттік қызметкерге сияқты сыйақы береді", - деп жауап берді Досаев.
Айта кетері, күзде Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов 1 978 188 теңге алатынын айтқан еді.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Ерболат Досаевтың 2,2 миллион теңге тұратын сырт киімі (Loro Piana бренді) қызу талқыға түскен еді. Баспасөз мәслихатында мегаполис әкімі бұған қатысты да түсініктеме берді.
Досаев мемлекеттік қызметте болмаған жылдары бизнеспен айналысқанын айтты. Кәсіпорындарда үлесі болған.
"2012 жылы қыркүйекте министр болып қайта оралдым. Содан бері мемлекеттік қызметте жүрмін. Табысым бар, декларацияланған, барлық салығы төленген. Сол себепті бәрі айтып жүрген куртканы сатып алуға шамам жетеді. Ол Loro Piana-дан емес, мен оны бес жыл бұрын сатып алған едім. Ер адамдар сіздер сияқты маусым сайын киім ауыстырмайды. Өздеріне ыңғайлы киімді киеді. Айтайын дегенім, мен кедей емеспін, қандай да бір істермен айналысқалы жатқан жоқпын", - деп түсіндірді Досаев.