Қаңтар оқиғасы

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген әкімдік қашан қалпына келтіріледі

Досаев әкімдік ғимараты сүрілмейтінін, қалпына келтірілетінін мәлімдеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген қала әкімдігінің ғимаратын жөндеу жұмыстары қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Досаевтың айтуынша, ертең, 8 шілде жобалық-сметалық құжаттама дайын болады. Әкімдік ғимараты сүрілмейді, қайта қалпына келтіріледі.
"Алғаш рет біз бес алматылық компаниядан консорциум құрдық. Олар ғимаратты жөндеумен айналысады. Менің ойымша, оны сүрудің қажеті жоқ, ол қалпына келтіріледі. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлаған едік. Бірақ жобалық шешімдерді қабылдау ұзаққа созылып кеткендіктен, жаңғырту жұмыстары біздің жаңа жылға, келесі жылы Наурызға дейін аяқталады деп үміттенеміз", - деді әкім орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ал жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зақым келген президент резиденциясы қазір сүріліп жатыр. Ол жерде сквер емес, парк аймағы пайда болады.
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы: алматылық кәсіпкерлердің барлығына дерлік өтемақы төленді