Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтар оқиғасы: алматылық кәсіпкерлердің барлығына дерлік өтемақы төленді

© Sputnik / Владислав ВодневАқша, теңге
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2022
Жазылу
Алпыс алты өтінім қанағаттандырылмаған
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлерге 14,5 миллиард теңге өтемақы төленді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, 66 өтінім қанағаттандырылмаған. Өйткені олар шағын және орта бизнес саласына жатпайды, жеке тұлға атынан өтінім берген немесе Алматыда тіркелмеген.
"Бүгінде зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің 99%-і өз қызметін қалпына келтірді және толыққанды салық төлеуші саналады. Он алтыға жуық компания қалды, олар бойынша қорытынды керек. Оны алғаннан кейін біз оларға 2,8 миллиард теңге төлейміз. Қажетті ақша бар", - деді Досаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Барлығы қаңтар оқиғасынан зардап шеккен ШОБ-тың 14,5 миллиард теңгеге 1594 өтінімі мақұлданды.
"Шағын және орта бизнес – қала экономикасының негізі. Онда еңбекке қабілетті халықтың 64%-і жұмыс істейді. Сондықтан бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. 2022 жылы бюджеттен қосымша 5 миллиард теңге бөлініп, 46,9 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды. Бүгінде 16,5 миллиард теңгеге шағын және орта бизнестің 219 жобасы қаржыландырылды", - деді әкім.
Нәтижесінде 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 19,5%-ке өсті.
Жаңалықтар
0