НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Астанада 24 жыл ішінде тұрғындар саны шамамен төрт есеге өсті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазіргі кезде де Нұр-Сұлтанда 24 жыл бұрынғыдай әйелдер саны басым. Елорда енді көшірілген уақытта қалада 174 мың әйел және 152 мың ер адам тұрса, қазіргі санақ бойынша әйел саны 657 мың (52%), ер адам – 605 мың (48%).
Ведомство ақпаратына сәйкес, 1998 жылы елордада 3400 сәби дүниеге келсе, 2021 жылы 31 мың сәби туылды. Осылайша туу көрсеткіші 11-ден 25,9-ға дейін өсті (мың адамға).
1998 жылы 48 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істесе, 24 жыл өткенде оның саны 147 бірлікке дейін өсті. Денсаулық сақтау мекемелері болса үш есеге дейін көбейді – 15-тен 45-ке дейін.
Айта кетері, сәрсенбі, 6 шілде күні қазақстандықтар астана күнін тойлауда. Бас қалаға 24 жыл толды.