Елорда тынысы

Елорда күнінде Нұр-Сұлтан мен Алматыда қайда баруға болады

© Sputnik / Болат ШайхиновВиды Астаны
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2022
Жазылу
Қазақстан астанасының 24 жылдығына орай қалада бірқатар нысан салтанатты түрде ашылады
НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде - Sputnik. Еліміздің бас қаласының туған күніне орай елордалық мәдениет, спорт мекемелері мен шығармашылық ұжымдар мерекелік бағдарлама дайындады.
Тұрғындар мен қонақтар спорттық турнирлер, концерттер, көрмелер, фестивальдар, премьералар тамашалайды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда болатын шаралар

Астана күні қалада бірқатар әлеуметтік нысан (кезекте тұрғандарға пәтер кілттерін тапсыру), зауыт, сквер, қоғамдық кеңістік, 80-нен астам аула аумақ ашылады.
"Атамекен" этно-мемориалдық кешенінде "Елорда пейзаждары" тақырыбында арт-көрме жұмыс істейді. Біріккен музейлер дирекциясы мерекеге орай 8 шілдеге дейін жұмыс істейтін "Ел тірегі – Елорда" көрмесін ұйымдастырды.
Орталық саябақта "Mereke Street"қалалық мәдениет фестивалі өтеді.
6 шілдеде "Колизей" спорт алаңында "Отан Ана" монументінің жанында стритболдан "Nur Sultan Cup"турнирі ұйымдастырылады.
Астана Балет "Орфей және Эвридика" балетінің премьерасына (9 шілдеге дейін) шақырады.
6 шілде күні сағат 11: 00-де Триатлон паркте "Elorda Tolqyny"спорттық жарысы басталады. Осы уақытта "Қазанат" ипподромында шабандоздар "Астана кубогы" үшін бәйге түрлерінен бақ сынайды.
Кешкі сағат 21: 00–де Амфитеатр сахнасында Ұлықпан Жолдасов "Ақ қанат-Ақ құсым" бағдарламасымен өнер көрсетеді. Сағат 18:00-ден 22: 00-ге дейін "Астана-Арена" стадионының тұрағында дәстүрлі Open air "Халықпен бірге" өтеді.
Сол күні кешке "Қазақстан" ОКЗ "Дос-Мұқасан" ансамблінің шығармашылығына арналған "Далам менің"концерті ұйымдастырылады.
8 шілдеде Амфитеатрда "Мен сені сүйемін, Астанам" атты концерттік қойылым өтеді.
"Барыс Арена" мұз сарайының жанында 12 сағаттық Open air "You Fest" шарасын өткізу 20 шілдеге ауыстырылды.
Сағат 17:00-ден 22: 00-ге дейін мемлекеттік академиялық филармонияда республикалық ақындар айтысы өтеді.
Астана күніне орай отшашу болмайды.

Алматыда болатын шаралар

Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында сағат 12:00-де қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің сайты.
12: 00 – Түрксіб ауданында-Сауранбаев және Спартак көшелерінің қиылысында;
15: 00 - Сейфуллин көшесіндегі Mega Park сауда-ойын-сауық орталығының жанында;
18: 00 - Шұғыла, 347 мекенжайы бойынша Наурызбай ауданы әкімдігінің жанындағы алаңда. ⠀
Жаңалықтар
0