Оқиға

Шымкент маңында алты жасар бала бассейнге батып кетті

Оқиғаға қатысты сот сараптамасы тағайындалды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. 4 шілдеде Шымкент қаласының жанындағы Қайнарбұлақ ауылында кішкентай бала бассейнге батып кетті, деп хабарлады қаланың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қайнарбұлақ ауылында кішкентай бала бассейнге батып кетті
Ақпаратқа сәйкес, бала ата-анасымен бірге демалыс базасына барған. Ол бассейнде құтқару шеңберінің көмегімен шомылып жүрген. Ол уақытша қараусыз қалған кезде суға батып кеткен.
Оқиғаға қатысты сот сараптамасы тағайындалды.
Үндістандық екі студент Қазақстанның оңтүстігінде суға батып кетті