Тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендердің 63%-і арыз жазудан бас тартқан

Sputnik
АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігінде қоғамдық кеңес мүшелері тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол қауіпсіздігі және сыбайлас жемқорлық сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Бұл туралы брифинг барысында ведомство өкілі Шұғыла Нұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Талқылаудың күн тәртібіндегі бірінші мәселе – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып тұр. Жыл басынан бері полицияға 68 мыңнан астам хабарлама келіп түскен", - деді Шұғыла Тұрлыбек.
ІІМ мәліметінше, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің 63%-і арыз жазудан бас тартқан.
Бұған дейін Қазақстанда бір апта ішінде 2 мың 941 қылмыс жасалғаны хабарланған болатын. Оның 1851-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 9 кісі өлтіру, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 54 тонау, 457 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын "ізін суытпай" ашты.
Түркістан облысында ауыл тұрғыны әйелін ұрып өлтірді