https://sputnik.kz/20220704/turmystyq-zorlyq-zombylyq-aryz-25923399.html
Тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендердің 63%-і арыз жазудан бас тартқан
Тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендердің 63%-і арыз жазудан бас тартқан
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігінде қоғамдық кеңес мүшелері тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол қауіпсіздігі және сыбайлас жемқорлық сияқты өзекті... 04.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-04T11:45+0500
2022-07-04T11:45+0500
2022-07-04T11:45+0500
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/07e4/09/11/14982355_0:19:1198:693_1920x0_80_0_0_a11fa31015eda9c29f7c74e6a91fad86.jpg
АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігінде қоғамдық кеңес мүшелері тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол қауіпсіздігі және сыбайлас жемқорлық сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Бұл туралы брифинг барысында ведомство өкілі Шұғыла Нұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Талқылаудың күн тәртібіндегі бірінші мәселе – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып тұр. Жыл басынан бері полицияға 68 мыңнан астам хабарлама келіп түскен", - деді Шұғыла Тұрлыбек.ІІМ мәліметінше, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің 63%-і арыз жазудан бас тартқан.Бұған дейін Қазақстанда бір апта ішінде 2 мың 941 қылмыс жасалғаны хабарланған болатын. Оның 1851-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 9 кісі өлтіру, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 54 тонау, 457 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын "ізін суытпай" ашты.
https://sputnik.kz/20220628/turkistan-oblysy-auyl-ayel-25799843.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/11/14982355_95:0:1162:800_1920x0_80_0_0_363f4b17a1f046da183182477a880319.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зорлық-зомбылық
Тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендердің 63%-і арыз жазудан бас тартқан
АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігінде қоғамдық кеңес мүшелері тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол қауіпсіздігі және сыбайлас жемқорлық сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Бұл туралы брифинг барысында ведомство өкілі Шұғыла Нұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Талқылаудың күн тәртібіндегі бірінші мәселе – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып тұр. Жыл басынан бері полицияға 68 мыңнан астам хабарлама келіп түскен", - деді Шұғыла Тұрлыбек.
ІІМ мәліметінше, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің 63%-і арыз жазудан бас тартқан.
Бұған дейін Қазақстанда бір апта ішінде 2 мың 941 қылмыс жасалғаны хабарланған болатын. Оның 1851-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 9 кісі өлтіру, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 54 тонау, 457 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын "ізін суытпай" ашты.