АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Талдықорғанда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды. Жетісу облысының полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін таңғы 7:00 шамасында аула сыпырушы қоқыс жәшігінен сәбидің мәйітін тапқан. Полиция қызметкерлері денені сараптама жасау үшін мәйітханаға алып кетті.
"Қазіргі таңда анықтама дайын емес. Өйткені сарапшылар оқиға орнынан әлі келмеді. Таңғы 7-де 7-шағынауданның аула сыпырушысы көріп, полицияға хабарлаған. Оқиға орнына барсақ, шынымен де жаңа туған баланың мәйіті жатыр. Кіндігі кесілмеген. Қыз бала екен. Қазіргі уақытта анасын анықтау жұмыстары жүргізілуде", – деді облыстық ПД қызметкері Ернар Сайдилдин.
Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Әзірге баланы қоқысқа кімнің тастап кеткені белгісіз.
Айта кетері, шақалақтың денесі Талдықорғандағы 7-шағын аудандағы 17-үйдің қоқыс жәшігінен табылды.