АЛМАТЫ, 3 шілде - Sputnik. Елдің басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты жауын-шашын әкелетін атмосфералық фронттар әсер етеді.
"Қазгидрометтің" мәліметі бойынша, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, найзағай, желдің күшеюі, дауыл, батыста, солтүстікте бұршақ, оңтүстік-шығыс, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, солтүстікте шаңды дауыл болады. Елдің тек шығыс бөлігі ғана антициклон жотасының ықпалында, сондықтан жауын-шашынсыз.
Өңірлердегі ауа райы
Түнде орталықта, күндіз Ақтөбе облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Күндіз Алматы, Жетісу, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде аптап ыстық.
Қызылорда, Абай аудандарының басым бөлігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытаудың оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығы мен батысында, Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Шығыс, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 мс жетеді, ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 28-30 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 34-36 ыстық.
Шымкентте жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, батыстан 8-13 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 34-36 градус ыстық.