https://sputnik.kz/20220703/cinoptikter-aua-rayy-khabarlady-25914712.html
Cиноптиктер ертең ауа райы қандай болатынын хабарлады
Cиноптиктер ертең ауа райы қандай болатынын хабарлады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 3 шілде - Sputnik. Елдің басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты жауын-шашын әкелетін атмосфералық фронттар әсер етеді. 03.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-03T19:54+0500
2022-07-03T19:54+0500
2022-07-03T19:54+0500
өңірлер
синоптиктер
ауа райы болжамы
https://sputnik.kz/img/07e4/08/03/14625196_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_4ea7b4ba436d90121d8c67787c9533e6.jpg
АЛМАТЫ, 3 шілде - Sputnik. Елдің басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты жауын-шашын әкелетін атмосфералық фронттар әсер етеді."Қазгидрометтің" мәліметі бойынша, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, найзағай, желдің күшеюі, дауыл, батыста, солтүстікте бұршақ, оңтүстік-шығыс, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, солтүстікте шаңды дауыл болады. Елдің тек шығыс бөлігі ғана антициклон жотасының ықпалында, сондықтан жауын-шашынсыз.Өңірлердегі ауа райы Түнде орталықта, күндіз Ақтөбе облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Күндіз Алматы, Жетісу, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде аптап ыстық. Қызылорда, Абай аудандарының басым бөлігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытаудың оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығы мен батысында, Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.Ірі қалалардағы ауа райыНұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Шығыс, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 мс жетеді, ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 28-30 градус жылы. Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 34-36 ыстық.Шымкентте жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, батыстан 8-13 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 34-36 градус ыстық.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/03/14625196_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0685518040a5b68a9bb2b15da5942dd7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
синоптиктер, ауа райы болжамы
синоптиктер, ауа райы болжамы
АЛМАТЫ, 3 шілде - Sputnik. Елдің басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты жауын-шашын әкелетін атмосфералық фронттар әсер етеді.
"Қазгидрометтің" мәліметі бойынша, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, найзағай, желдің күшеюі, дауыл, батыста, солтүстікте бұршақ, оңтүстік-шығыс, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, солтүстікте шаңды дауыл болады. Елдің тек шығыс бөлігі ғана антициклон жотасының ықпалында, сондықтан жауын-шашынсыз.
Түнде орталықта, күндіз Ақтөбе облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Күндіз Алматы, Жетісу, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде аптап ыстық.
Қызылорда, Абай аудандарының басым бөлігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытаудың оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығы мен батысында, Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Шығыс, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 мс жетеді, ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 28-30 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 34-36 ыстық.
Шымкентте жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, батыстан 8-13 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 34-36 градус ыстық.