АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. 1969 жылғы әйел Бурабай ауданы Орлиное гнездо тауында аяғын сындырып алған. Құтқарушылар зардап шеккен әйелді таудан түсіріп, жедел жәрдемге тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Щучинск қаласынан келген 2 ересек және 3 бала Орлиное гнездо тауын бағындырмақшы болған. Өкінішке қарай, 1969 жылы туған әйел құлап, аяғын сындырып алды", – делінген ведомство хабарламасында.
Оқиға орнына Щучинск қаласының құтқарушылары аттанды.
Олар әйелді биіктігі 400 метр және ұзындығы 2 км болатын таудан зембілмен түсіріп, жедел жәрдем көлігіне тапсырды.