Өңірлер

Бурабай тауларында аяғын сындырып алған әйел құтқарылды

© ДЧС Акмолинской областиБурабай тауларында аяғын сындырып алған әйелді құтқару сәті
Бурабай тауларында аяғын сындырып алған әйелді құтқару сәті - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. 1969 жылғы әйел Бурабай ауданы Орлиное гнездо тауында аяғын сындырып алған. Құтқарушылар зардап шеккен әйелді таудан түсіріп, жедел жәрдемге тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Щучинск қаласынан келген 2 ересек және 3 бала Орлиное гнездо тауын бағындырмақшы болған. Өкінішке қарай, 1969 жылы туған әйел құлап, аяғын сындырып алды", – делінген ведомство хабарламасында.
Оқиға орнына Щучинск қаласының құтқарушылары аттанды.
Олар әйелді биіктігі 400 метр және ұзындығы 2 км болатын таудан зембілмен түсіріп, жедел жәрдем көлігіне тапсырды.
20-летний астанчанин спас ребенка, перевернувшегося в шторм на байдарке на гребном канале - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2022
Оқиға
Елордалық қайығы аударылып қалған баланы құтқарды
Жаңалықтар
0