АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Павлодарда төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен үш жасар қыз көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Жедел жәрдем сәбиді жақын маңдағы аурухана – Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық клиникаға жеткізген. Кейін ол мамандардың сүйемелдеуімен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.
Дәрігерлердің айтуынша, бала есін біледі, жағдайы орташа, тұрақты.