Оқиға

Атыраулық полицейлер 9 қабаттан құлап кете жаздаған баланы құтқарды – видео

© Photo : paolatinaархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Жазылу
Үйде жалғыз бала балконнан тұрмыстық заттарды лақтыра бастаған
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Атыраулық полицейлер 9 қабаттан құлап кету қаупінде болған 2 жастағы бүлдіршінді құтқарды.
4 маусым күні 17:00 шамасында патрульдік полиция экипажына Береке ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің 9 қабатында жас шамасы 2 жастағы бүлдіршін балконнан құлағалы тұр деген хабарлама берілді.
Хабарлама бойынша барған патрульдік полиция қызмет инспекторлары Еламан Төлешов және Нұрбол Багитов баланың өміріне қауіп төніп тұрғанын анықтап, шұғыл құтқару әрекетін жасаған.
Өрт жағдайында эвакуациялауғар арналған баспалдақтар арқылы 9 қабатқа өтіп, баланы аман алып қалды. Тұрғындардың айтуынша олар баланы 9 қабаттан жерге лақтырылған түрлі заттарды көріп байқаған.
Бала үй ішіндегі әлі келетін түрлі тұрмыстық заттарды балконнан лақтырған. Полицейлер баланы құтқару үшін үйге өткен соң оның пәтер ішінде жалғыз болғандығын анықтады.
Ювеналды полиция инспекторлары баланың анасы 1985 жылы туған азаматша екенін анықтады.
Жаңалықтар
0