Экономика

Тамыз айында кейбір депозиттердің мөлшерлемесі өседі

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылғы тамыз айына жинақ салымдары бойынша максималды мөлшерлемені ұлғайтты.
Тұрақты депозиттердің тартымдылығын арттыру мақсатында, сонымен қатар, қалыптасқан нарықтық мөлшерлемелерді ескеріп, жинақ салымдарының барлық түрі бойынша максималды мөлшерлемелер ұлғайтылды.
3 және 6 айға арналған жинақ депозиттері бойынша мөлшерлемелер сәйкесінше 0,5 т. және 1,0 т., 12 айға жинақ депозиттері бойынша 0,1 т. және 24 айға – 0,2 т. арттырылды.
2022 жылғы тамыз айында жинақ салымдары бойынша ставка қалай өзгереді
Депозиттердің қалған түрлері бойынша максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды.