Экономика

Тамыз айында кейбір депозиттердің мөлшерлемесі өседі

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылғы тамыз айына жинақ салымдары бойынша максималды мөлшерлемені ұлғайтты.
Тұрақты депозиттердің тартымдылығын арттыру мақсатында, сонымен қатар, қалыптасқан нарықтық мөлшерлемелерді ескеріп, жинақ салымдарының барлық түрі бойынша максималды мөлшерлемелер ұлғайтылды.
3 және 6 айға арналған жинақ депозиттері бойынша мөлшерлемелер сәйкесінше 0,5 т. және 1,0 т., 12 айға жинақ депозиттері бойынша 0,1 т. және 24 айға – 0,2 т. арттырылды.
© Казахстанский фонд гарантирования депозитов2022 жылғы тамыз айында жинақ салымдары бойынша ставка қалай өзгереді
Как изменятся ставки по сберегательным вкладам в августе 2022 года в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2022
2022 жылғы тамыз айында жинақ салымдары бойынша ставка қалай өзгереді
Депозиттердің қалған түрлері бойынша максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды.
Жаңалықтар
0